
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1544 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14,2.
- Магнитудасы – MPV 6,3.
- Тереңдігі – 10 шақырым.
- Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.
Оның алдында, 7 қазанда Ауғанстанда жер сілкінісі болып, 2 мыңнан астам адам қаза тапқан болатын.