Экономика

Ауғанстан үкіметі Қазақстаннан бидай мен ұн бағасына жеңілдік беруді сұрады

Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизи Қазақстанға экспортталатын тауарларға жеңілдігі бар тариф қолдануды сұрады, деп жазады Turanews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ауғанстан қысқа мерзімде ондаған отандық тауар өндірісінің арқасында өзін-өзі қамтамасыз етуге көшкенін қуанышпен хабарлаймын. Бұдан басқа, біздің өнеркәсіптік өнімдеріміздің жүздеген атаулары құрылып, сауда артып келеді. Біз бауырлас Қазақстаннан Ауғанстанның отандық өнеркәсібін қолдау үшін сіздерге экспортталатын Ауғанстан тауарларына жеңілдігі бар тариф қолдануды сұраймыз», — деді Нуриддин Азизи Астанада өткен бизнес форумда.

Сондай-ақ, Н. Азизи Ауғанстанның халқы мен жеке секторын қолдау мақсатында Қазақстаннан Ауғанстанға импортталатын бидай мен ұн бағасына арнайы жеңілдіктер беруді сұрады.

«Мен атап өткен кейбір экономикалық және саяси мәселелерге қарамастан, Ауғанстанда пайдалы қазбаларды өндіру, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету саласында нақты және практикалық инвестициялық мүмкіндіктер бар және Қазақстан Республикасының инвесторларына Ауғанстандағы өздерін қызықтыратын салаларға инвестиция салу ұсынылады», — деді спикер.

Бұған дейін Нуриддин Азизи Ауғанстанның сыртқы саясаты ашықтыққа, экономикалық және сауда ынтымақтастығына негізделгенін айтқан еді.

Сондай-ақ, Ауғанстанға жүздеген шетелдік инвестор қызығушылық танытып, ел экспорты алғаш рет 120 пайызға өскен.

TuraNews

Back to top button