Әлем
Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында жер сілкінісі тіркелді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 2023 жылғы 30 қараша, сағат 04:10 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 767 шақырым жерде, Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық санаты — 10.7.
- MPV магнитудасы — 4.7.
- Жер сілкінісінің координаттары — 37,74° c.e. 71,39° ш. б.
- Тереңдігі — 125 шақырым.
- Қазақстанда сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат жоқ