Әлем
Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі сағат 19:14-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Turanews.kz.
«Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 828 шақырым жерде, Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 11.0. MPV магнитудасы – 5.2. Эпиорталық координаттары – 37.09° с.е. және 71.37° ш.б. Тереңдігі — 100 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ», — делінген хабарламада.