Әлем
Ауғанстан аумағында 6,6 балдық жер сілкінісі тіркелді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 6 тамыз күні Алматы уақыты бойынша сағат 06:32-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Turanews.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 854 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.
- Энергетикалық класы — 13.7.
- MPV магнитудасы — 6,6.
- Эпицентр координаттары — 37,09° с.ш. 70,83°.
- Тереңдігі — 50 км.
- Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.