БастыҚоғам
Trending

Ауа райына байланысты үш облыста жол қозғалысы шектелді

ҚазАвтоЖол көлік қозғалысына шектеу енгізу туралы шұғыл ақпарат жариялады. 

9 желтоқсан сағат 07:00-дегі жағдай бойынша ауа райының күрт нашарлауына байланысты 3 облыстағы республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді. 

Ақмола облысы:

«Астана–Шідерті–Павлодар–Үспенка–РФ шекарасы» автожолы, 36–200 км, а.Софиевка – Павлодар облысының шекарасы учаскесі.

Қарағанды облысы:

«Қалқаман–Баянауыл–Үміткер–Ботақара» автожолы, 231–324 км, Павлодар облысының шекарасы – а.Ботақара учаскесі.

«Қызылорда–Жезқазған–Қарағанды–Шідерті» автожолы, 1067–1135 км, а.Молодёжный – Павлодар облысының шекарасы учаскесі.

Павлодар облысы:

«Қалқаман–Баянауыл–Үміткер–Ботақара» автожолы, 0–231 км, а.Қалқаман – Қарағанды облысының шекарасы учаскесі.

«Астана–Шідерті–Павлодар–Үспенка–РФ шекарасы» автожолы, 200–431 км, Ақмола облысының шекарасы – а.Атамекен учаскесі.

«Қызылорда–Жезқазған–Қарағанды–Шідерті» автожолы, 1135–1206 км, а.Шідерті – Қарағанды облысының шекарасы учаскесі.

Айта кетейік, жолды 9 желтоқсанда сағат 15:00-де ашу жоспарланған.

TuraNews

Back to top button