Қоғам
Trending

Атыраудағы екі зейнеткердің өлімі: күдіктінің аты-жөні белгілі болды

Атырау облысында отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікке ілінген марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сарсемалиев екені ресми түрде белгілі болды.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған іздестіру картасына сәйкес, Сарсемалиев Сұлтан Самиғоллаұлы 1996 жылыы 24 сәуірде туған, Қазақстан Республикасының азаматы.

Ол Атырау облысы бойынша 2026 жылдың 8 қаңтарынан бастап іздеуде жүр.

Іздестіру ісі ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен тіркелген. Іздеуді Атырау облысы Полиция департаменті жүргізіп жатыр.

Еске салсақ, Жангелдин ауылында тұратын отбасы 2025 жылдың соңына белгісіз жағдайда жоғалып кеткен еді.

6 қаңтарда Атырау облысы аумағынан жоғалған отбасының екі мүшесінің – отағасы Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы Нәсіп Өтешқалиеваның денесі сарайдан табылды.

Әзірге сол үйдің екі баласы, Мейрамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиев табылмады.
Іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.

 

 

Via
Inform.kz

TuraNews

Back to top button