Қоғам
Атырауда үш адам газдан уланып көз жұмды

Атырау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде үш адам газдан уланып, қайтыс болды. Бұл жөнінде облыстық ТЖД хабарлады.
Оқиға Атырау қаласына қарасты Томарлы ауылында болған.
— Үйде 1958 жылы туған ерлі-зайыпты және 1953 жылы туған ер адам болған. Үшеуі де оқиға орнында көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдайға табиғи газбен жұмыс істейтін жылыту пешін пайдалану талаптарының бұзылуы себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында Полиция департаменті қызметкерлерімен сот-медициналық сараптама тағайындалды. Атырау облысы ТЖД азаматтарды газ қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады, — деп мәлімдеді облыстық ТЖД.



