БастыМәдениетСпорт

Атырауда «Алтын Орда» халықаралық турнирі аяқталды

27-28 сәуір күндері, Атырау қаласында Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен алғаш рет өткен дәстүрлі садақ атудан «ALTYN ORDA» халықаралық турнирі қорытындыланды, деп хабарлайды Turanews.kz Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Садақшылар 30 метрден 70 метрге дейінгі қашықтыққа арналған Пута, Орта Азия, Жамбы нысана түрлері бойынша мергендік шеберліктерін сынасты.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев пен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті-Бас хатшысы Тастанбек Есентаев аталған шараға арнайы қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.

«11 мемлекеттің басын қосып, сайыста керемет өнер көрсеткен садақшылар мен меймандар Атырау өңіріне қош келдіңіздер! Тарихи дәстүрдің жандануына бірден-бір септігін тигізіп жатқан садақ атудан «Алтын Орда» халықаралық турнирінің біздің өңірде өтіп жатқанын мақтанышпен айта аламыз. Осы орайда, сайыстың өтуіне ұйтқы болған «Batu Han zhebesi» Атырау облыстық федерациясының басшысы Бексұлтан Маратқа Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты табысталады. Мәдениет пен дәстүр, ұлттық дәстүріміздің жандануына арналған ауқымды шаралар әлі де өз жалғасын табады», — деді облыс әкімінің орынбасары Ж.Бисембиев.

Турнир қорытындысына сәйкес, ерлер арасынан Пута нысана түрінен (70 метр) І орын Ынтымақ Мұрәділұлы (Қырғызстан), ІІ орын Бексұлтан Марат (Қазақстан, Атырау), ІІІ орын Бақыт Тоқтоматов (Қырғызстан).

Әйелдер арасынан (60 метр) І орын Динара Жақсылықова (Қазақстан, Астана), ІІ орын Ямбиидончир Баярцецег (Моңғолия), ІІІ орын Алия Ишмуратова (Ресей).

Ерлер арасынан Орталық Азия нысана түрінен (40 метр) І орын Аккайя Хаяти (Түркия), ІІ орын Бақыт Тоқтоматов (Қырғызстан), ІІІ орын Рустам Ногойбаев (Қырғызстан).

Әйелдер арасынан І орын Алия Ишмуратова (Ресей), ІІ орын Фариза Сабыржан (Қазақстан, Астана), ІІІ орын Динара Жақсылықова (Қазақстан, Астана).

Ерлер арасынан Жамбы нысана түрінен (30 метр) І орын Самал Зулпыхаров (Қазақстан, Маңғыстау), ІІ орын Мақсат Әбдікерімов (Қазақстан, Шымкент), ІІІ орын Ербол Тапенов (Қазақстан, Астана).

Әйелдер арасынан І орын Норсиани Бинти Мохд Hop (Малайзия) ІІ орын Жазира Кузекбай (Қазақстан, Астана), ІІІ орын Царица Анжела (Қазақстан, Астана) иеленіп, медельдар мен дипломдар және ақшалай сыйақылармен марапатталды.

Source
BasSport.kz

TuraNews

Back to top button