Әлем
Астананың аспанында 3,5 мың отшашу атылды

Елордада мерекелік отшашу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Turanews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаңа 2023 жылдың қарсаңында Астанада мерекелік отшашу өтті.
«Екі орыннан – Есіл өзенінің жағасындағы Кенесары хан ескерткішінің жанында және Қабанбай батыр мен Бұқар жырау даңғылдарының қиылысындағы Ботаникалық бақта ұйымдастырылды.
Биіктігі: төменгі — 70 метр, орташа — 120 метр, жоғарғы — 180-210 метр. Барлығы 3,5 мың оқ атылды», — деп жазды ведомстводан.
Айта кету керек, отшашу демеушілердің қаражаты есебінен ұйымдастырылды.