Бұл жайында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
«2024 жылғы 17-21 сәуір аралығында Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевтың Астана қаласына сапары өтеді. Сондай-ақ, ол Қазақстанда Саха Республикасының күндерін ашу рәсіміне қатысады. Сапар аясында оның ел басшылығымен, бірқатар мемлекеттік орган өкілдерімен кездесулері, Якутияның инвестициялық және туристік әлеуеті туралы тұсаукесер шара, «B2B» кездесулер және тағы басқа іс-шаралар жоспарланған», — деді ол ведомствоның баспасөз мәслихатында.
Саха Республикасының күндері Астана мен Алматы қалаларында 17-24 сәуір аралығында өтеді.
«Іс-шарада тауар өндірушілер мен инновациялық кәсіпорындар таныстырылады. Саханың инвестициялық және туристік әлеуеті таныстырылады. Сондай-ақ, Якут музыкасы мен операсының қайраткерлері өнер көрсетеді», — деді Айбек Смадияров.