Айта кетейік, жақында «Қайрат» пен «Брюгге» командалары кездескен еді. Ойын кезінде «Борат» фильміндегі кейіпкердің киімін киіп алған жанкүйерлер полицияға жеткізілгені мәлім болды.
— «Брюгге» жанкүйерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларды 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу бойынша сот шешімі бар, — деді С. Әділов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 20 қаңтарда UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі жетінші турында қазақстандық «Қайрат» (Алматы) елордада Бельгияның «Брюгге» (Брюссель) командасымен кездесті.



