БастыҚоғам

Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды

Жаңбыр, дауылды жел мен көктайғаққа байланысты Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды, lдеп QazAvtoJol компаниясына сілтеме жасап TuraNews.kz хабарлайды.

«Елордадан шығатын жолдар барлық бағыт бойынша жабылды. Жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс жасап жатыр», — делінген мәліметте.

City Transportation Systems компаниясының ақпаратына сәйкес, жолдардың жабылуына байланысты Астана маңындағы елді мекендерге қатынайтын барлық автобустар қозғалысын тоқтатты. Бұған дейін 6 бағдар линиядан алынғаны туралы мәлім етілген еді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ауа райының нашарлауынан таңертең 3 өңірде 8 жол учаскесі жабылды. Кейін республикалық маңызы бар тағы 3 жолда қозғалысқа тыйым салынды.

«Қазгидромет» РМК 22 қарашада күн райының бұзылуына байланысты 16 өңірде ескерту жариялаған болатын.

 

TuraNews

Back to top button