Астанадан Бодрумға ұшқан ұшақ Ақтауға қонуға мәжбүр болды
Астанадан Бодрумға ұшқан ұшақтан ақау шығып, Ақтауға қонуға мәжбүр болды, деп жазады Turanews.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Бордта 163 жолаушы болған. Олар 8 сағат бойы Астанадан басқа ұшақтың жіберілуін күткен. Ал ақау AirAstana-ның әуе кемесінен шыққан. Себебі анықталып жатыр. Айта кетейік, заң бойынша ұшақтың әр кешіккен сағатына билет құнының 3 пайызы төленуі тиіс. Ол үшін жолаушы әуе компаниясының сайтына кіріп, өтініш қалдыруы тиіс.
«Бүгін Астана уақытымен 19:20-да қосымша ұшақ Ақтаудан Бодрумға кешіккен рейстің 163 жолаушысын діттеген жеріне жеткізбек. Бүгінгі рейстің кешігу себебі — ол отын жүйесіндегі ақау. Кешігудің әрбір сағаты үшін 3 пайызды төлейміз.» — деп айттыТілек Әбдірақымов — AirAstana әуе компаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері: