
Танымал Backstreet Boys поп-тобы 21 қыркүйекте Астанада алғаш рет өнер көрсетеді. Билеттерді сату 14 шілдеде Freedom Bank қосымшасында пресейл аясында басталады. Бұл туралы ОКҚ алаңында «CA Entertainment» халықаралық продюсері Сымбат Серік хабарлады.
Оның мәліметтері бойынша, 15 шілдеде сағат 12.00-ден бастап сатылымдар Ticketon.kz сайтында қолжетімді болады, бөліп төлеуді қоса алғанда, 10 төлем әдісі қарастырылған.
«Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов Backstreet Boys әлемдік турымен салыстырғанда Астанадағы концерттің билеттері өте қолжетімді болатынын айтты.
«Билет бағасы 40 мың теңгеден басталады. Менің ойымша, мұндай топтың концертінде сіз керемет эмоциялар ала аласыз. Сондай-ақ біз алыпсатарлармен, шамадан тыс баға орнататындармен күресеміз. Бір адамға 4 билеттен сатылады. Яғни, біз толық ашықтықты сақтаймыз», – деді Мәлік Хасенов.