Қоғам

Астанада велосипедтерді тіркеу басталды

Елордада Ұрлықтың алдын алу мақсатында елорда аумағында велосипедтерді тіркеуге арналған арнайы база әзірленді. Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаменті жергілікті полиция басқармасының бастығы Арман Айтмағамбетов айтты, деп жазады Turanews.kz.

«Полиция департаменті елорданың Орнықты даму орталығымен бірлесе отырып, велосипедтің нақты тұлғаға тиесілі болу фактісін растауға мүмкіндік беретін бірыңғай электрондық базаны әзірледі. Оған велосипедтің меншік иесі, тұрғылықты мекенжайы және ұялы телефоны жайлы мәліметтер, сондай-ақ оның сериялық нөмірі мен велосипедтің сыртқы айрықша белгі-сипаттамалары енгізіледі. Осы базаны әзірлеу кезінде біз шетелдік тәжірибені ескердік. Мәселен, Ұлыбританияда мұндай база 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді және тіркелген велосипедтердің саны 1 млн-нан асты. Оның көмегімен 12 мыңнан астам велосипед ұрлығы ашылды», — деді Арман Айтмағамбетов БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз маслихатында.

Оның мәліметінше, аталған тіркеу базасы 2 апта бұрын пилоттық негізде іске қосылған. Осы аралықты 40-қа жуық елордалық өз велосипеді туралы деректерді енгізген.

«Біз базаның көмегімен ұрланған мүлікті жедел табуды, оны иелеріне тез арада қайтаруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, сіз өз велосипедіңізді басқа адамнан немесе хабарландыру сайттарынан тапсаңыз, оның нақты иесі өзіне тиесілі екенін растай алады. Осы жоба сәтті өтсе, онда мұны самокаттарға да қолданамыз», — деп түсіндірді ол.

Елордадағы Орнықты даму орталығының өкілі Виталий Пустовойтенконың ақпаратына қарағанда, велосипедтерді тіркеу қазір 2 мобильді қосымша арқылы жүргізіліп жатыр. Олар — Smart Astana және e-Knot. Аталған қосымшаларға кіріп, «Қауіпсіздік» бөліміне өтіп, велосипедтерді тіркеуге болады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Астана аумағында 106 велосипед ұрлығы тіркелді.

TuraNews

Back to top button