БастыМәдениетСпорт

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Оған әлемнің 89 елінен 2500-ден астам қатысушы қатысады.

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыстары басталды. Бүгін сағат 09.00-де жамбы атудан спортшылар «жарыс жолына шықты». 

Сондай-ақ, бүгін сағат 19.00-де V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Оған 89 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар спорттың 21 түрі бойынша 97 медаль жиынтығына таласады.

Ойындар бірнеше жерде өтеді: «Думан» қонақ үйі, «Қазанат» ипподромы, этноауыл, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы және «Алау» мұзайдыны мен «Астана Арена» кешенінде.

Айта кетейік, Көшпенділер ойынының ашылуы мен жарыстарын Qazsport телеарнасы көрсетеді.

 

TuraNews

Back to top button