БастыҚоғам

Астанада «Үйде сөйле» жобасы басталды

2023 жылғы 22 сәуірде Елордада «Ассамблея жастары» РҚБ ұйымдастыруымен тұңғыш қазақ тілінің аулалық «Үйде сөйле» жобасының ашылуы өтті. Жоба Астана қаласының сол жағалауында орналасқан Dream City тұрғын үй кешенінің ауласында ұйымдастырылды, деп жазады Turanews.kz ҚХА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары Геннадий Шиповских пен Максим Рожин, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және Ассамблеяның жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Жобаның мақсаты — қазақ тілін оқыту мен қолдануға, сондай-ақ, этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамытуға кең мүмкіндіктер жасау. Бастаманы жүзеге асыра отырып, «Ассамблея жастары» үйден алыстамай қазақ тілін қол жетімді және қызықты форматта қолдануға мүмкіндік жасайды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповскихтің айтуынша, қазіргі заманауи технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалану мемлекеттік тілді меңгерудің тиімді тәсілі болып табылады, сондықтан «Үйде сөйле» жобасы сияқты азаматтық бастамалар қарапайым азаматтар тарапынан тікелей кері байланыс алады. Оның сөзінше, біздің әрқайсымыздың міндетіміз-қазақ тілін этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде ілгерілетуге ықпал ету. Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары мұндай жобаларды тек жастарды ғана емес, әртүрлі жастағы өкілдерді де тарта отырып, табысты жүзеге асыруда.

«Ассамблея жастары» РҚБ Төрағасы Тимур Жұмырбаев атап өткендей, «Үйде сөйле» жобасы алғаш рет осы айдың басында Алматыда басталды, бірақ қысқа мерзімге қарамастан, бұл жобаны іске асыруға қызығушылық бар. Астанада бұл жоба «BI Service» Басқарушы компаниясы іске қосқан «бақыт министрлігі» жобасымен бірлесіп іске асырылды. Барлық қала тұрғындары «Ассамблея жастары» ұйымына жүгініп, өз ауласында осындай клуб аша алады.

 

 

TuraNews

Back to top button