Қоғам

Астанада түрік тілін үйренген журналистерге сертификаттар табыс етілді

Юнус Эмре институтында түрік тілін үйренген қазақстандық журналистер оқуын аяқтап, сертификаттарын алды.

Астанадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығында сертификат табыстау рәсімі өтті.

©АА

Түркия Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімі, Туркия елшілігінің баспасөз кеңесшісі және Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы тарапынан ұйымдастырылған салтанатты шарада бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері үшін арнайы онлайн форматта ұйымдастырылған 144 сағаттық А1 деңгейіндегі түрік тілі курстарын сәтті аяқтаған 15 журналистке сертификаттар табыс етілді.

Салтанатты шараға қатысқандарға сертификаттарды Түркияның Астанадағы елшілігінің байланыс жөніндегі кеңесшісі Махмут Шевкет Байрам табыс етті.

Байрам өз сөзінде қазақ-түрік қарым-қатынасын қазіргі оң деңгейден жоғарылату үшін БАҚ ынтымақтастығы маңызды екенін атап өтіп, жалған ақпараттың алдын алуда мұндай тіл курстарының маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ тыңдаушыларға Байланыс бөлімі дайындаған «Түркі-қазақ қатынастары» кітабы сыйға тартылды.

TuraNews

Back to top button