ҚоғамМәдениет

Астанада түрік халық ақыны Мехмет Акиф Ерсой еске алынды

Түркия Әнұранының қабылданғанына биыл 103 жыл толды.

«Тәуелсіздік маршы» деп аталатын Әнұранды Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Мәжілісі 1921 жылы 12 наурызда ресми түрде қабылдаған. Осыған орай, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде түрік елінің дербестік Әнұранының авторы Мехмет Акиф Ерсойды еске алу салтанаты өтті.

Аталмыш іс-шараға дипломатиялық өкілдіктердің өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген Түркияның Қазақстандағы елшісі Мұстафа Капуджу студенттерге Мемлекеттік Әнұранның жазылуына әсер еткен тарихи кезеңнің жай-жапсары жайлы айтып берді.

Сондай-ақ, шара аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Күлтегін» түрік тілі клубы ашылды.

TuraNews

Back to top button