БастыМәдениет

Астанада Ташкенттің мәдениет күндері өтеді

Астанада Ташкенттің мәдениет күндері 7 және 8 тамыз күндері өтеді.

Іс-шара 7 және 8 тамызда елорданың орталық саябағында өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы  әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мәдениет күндері аясында Ташкент әртістерінің қатысуымен жарқын концерттік бағдарламалар, ұлттық өнер және қолөнер көрмелері, отбасылық спорттық жарыстар мен ойындар, Ташкент пен Өзбекстанның туристік мүмкіндіктерінің тұсаукесерлері ұйымдастырылады. Дәстүрлі өзбек тағамдары да сатылатын болады.

Іс-шара сағат 15:00-де басталады.

Сағат 19:00-де елордалық Амфитеатр сахнасында өзбек эстрадасының жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.

TuraNews

Back to top button