Қоғам

Астанада сумен жабдықтау қызметтерін тұрақты ұсыну мәселелері бойынша семинар өтті

28-29 наурызда Астанада сумен жабдықтау қызметтерін тұрақты ұсыну мәселелері бойынша семинар өтті, деп хабарлайды Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Семинарды Дүниежүзілік банк Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен «ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ қолдауымен ұйымдастырды. Бұл жиын көрсетілетін қызметтерді берушілердің өзара байланысты техникалық және қаржылық өнімділігін арттыруға, сондай-ақ су секторындағы басқару, реттеу және институционалдық қадағалау функцияларын жетілдіруге бағытталған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетімен тарифтік жүйені жетілдіру жолдары талқыланды.

Басқосуда «ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы А.Умербаев алғы сөз сөйледі, ол көрсетілетін қызметтерді берушілердің өзара байланысты техникалық және қаржылық көрсеткіштерін арттыру, тұрақты қызмет көрсету үшін шешуші маңызы бар секторды басқару, реттеуші және институционалдық қадағалау функцияларын жетілдіру мақсатында сектордың тұрақтылығы мәселесін шешудің маңыздылығын және коммуналдық шаруашылықты қайта құру қажеттілігін атап өтті.

Сумен жабдықтау қызметтерін берушілердің тиімді жұмысы тәулік бойы су беруді қамтамасыз етуге байланысты азаматтардың жайлылығы мен қолайлылығы үшін өте маңызды. Сапалы сумен жабдықтау қызметтерін ұсынудың үздіксіздігі жүйеге тиісті қызмет көрсету үшін жеткізушінің қаржылық ресурстары мен операциялық мүмкіндіктері есебінен қамтамасыз етіледі. Ресурстардың болмауы судың жиі тоқтап қалуына және судың көп шығынына әкеледі, бұл елдің су қауіпсіздігіне сапалық жағынан да, сандық жағынан да кері әсер етеді.

TuraNews

Back to top button