ӘлемБастыДенсаулықҚоғамМәдениетСаясатСпортТехнологияТуризмЭкономика

Астанада ШЫҰ саммиті басталды

Биыл алғаш рет ШЫҰ саммиті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы және «ШЫҰ+» кездесуі форматында өтеді

Тәуелсіздік сарайында Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті басталды, деп хабарлайды TuraNews.kz агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Қатар, Түркия және Түрікменстанның мемлекет және үкімет басшылары, БАӘ-ден Рас әл-Хайма әмірлігінің әмірі, Үндістанның сыртқы істер министрі, ШЫҰ бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының атқарушы директоры қатысып жатыр.

Сондай-ақ саммитке БҰҰ бас хатшысы және ТМД, ЭЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ЕЭК және АҚИҰ сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары қатысуда.

Биыл алғаш рет ШЫҰ саммиті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы және «ШЫҰ+» кездесуі форматында өтеді. Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында Астана декларациясы, 20 шешім, мемлекет басшыларының 3 мәлімдемесі, оның ішінде «Әділ бейбітшілік, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы», «ШЫҰ-ны жетілдіру туралы» бастамасы қабылданады.

Беларусьті ШЫҰ мүшелігіне қабылдау рәсімін аяқтау және ұйымға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы тарихи шешім қабылданады», — деп жазылған хабарламада.

Самитте президенттер ұйымның көпжоспарлы ынтымақтастығын, оның перспективасын одан әрі нығайтуға және өзекті халықаралық және өңірлік проблемаларды шешуге ықпал ететін көптеген мәселені қарайды.

Айта кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы құрылды. Оның негізі 1996 жылы «Шанхай бестігі» ретінде қаланды. Бүгінде ол көпсалалы және көпфункционалды ұйымға айналды.

TuraNews

Back to top button