
2025 жылдың 11–12 қазан күндері елордадағы Назарбаев Университетінің Атлетикалық кешенінде ерлер мен әйелдер арасында семсерлесуден халықаралық «Турнир сильнейших – Nazarbayev University Fencing Cup» жарысы өтеді.
Бұл додаға Қазақстан, Өзбекстан, Гонконг және Қырғызстанның ең мықты семсерлесушілері қатысады. Турнирдің басты мақсаты — елімізде семсерлесу спортын дамыту, халықаралық ынтымақтастықты күшейту және жас спортшыларды қолдау.
Жарыс Қазақстан семсерлесу федерациясы, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Nazarbayev University және «Sport Qory» қорының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Турнирге еліміздің аймақтарынан үздік спортшылармен бірге халықаралық деңгейдегі чемпиондар мен жүлдегерлер қатысады.