БастыҚоғамМәдениет

Астанада «Мен, өзге және өзгесі» кітабының таныстырылымы өтті.

Түркиялық ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Ибраһим Калынның қазақ тілінде жарық көрген «Мен, өзге және өзгесі» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Аталмыш кітаптың таныстырылымы бүгін, 22 ақпан күні елордадағы Риксос Президент Астана қонақүйінде өтті.

Іс-шараға Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджу, ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы және Түркия-Қазақстан достық тобының төреағасы Жүсіп Нұртөре БайтілесұлыҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мұхиттин Шімшек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы, «Отандастар Қоры» КЕАҚ басшысы Абзал Сапарбекұлы, Назарбаев университетінің қазақ тілі және түркітану кафедрасының мең­герушісі проф. доктор Юлай Шамилоғлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік ғылымдар факультеті, Әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі PhD, доцент Байғабылов Нұрлан ОралбайұлыЕуразия Ғылыми-зерттеу иниститутының директоры Суат Бейлур, сондай-ақ Қазақстан мен Түркияның дипломаттары, ғалымдар мен зерттеушілері, зиялы қауым өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Кітаптың таныстырылымы кезінде автор Түркиядан бейнесәлемдеме жолдады. Онда өз еңбегін қазақ оқырмандарына жеткізуге еңбек етіп, күш салған Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-не қарасты Еуразия Ғылыми-зерттеу институтына алғыс айтты.

Он тараудан тұратын «Мен, өзге және өзгесі» атты ауқымды еңбекте Ислам әлемі мен Батыс әлемі арасындағы өзара қарым-қатынастың ұзақ та күрделі, қатпары қалың, қалтарысы көп тарихын зерделеуді мақсат еткен ғылыми еңбек. Жалпы 12 бөлімнен, 615 беттен тұратын бұл еңбекте автор Ислам мен Батыс тарихын бөліп-жарып қарастырмастан, исламдық және батыстық өркениеттің бір-бірімен байланыста болған тұстары мен кезеңдеріне тереңдей үңіліп, олардың бір-біріне жанамалай әсерінен гөрі, өзара ықпалдасу үдерісінің өткені мен бүгінгі мән-мағынасын көкейге қонымды түрде сипаттайды.

Ибраһим Калын – түрік ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат. Ислам тарихы, Батыс пен Ислам әлемі қарым-қатынасы, Түркияның сыртқы саясатына қатысты бірқатар ғылыми еңбектердің авторы. Түркия Республикасы Президентінің ресми өкілі, Президент жанындағы Қауіпсіздік және сыртқы саясат комитеті төрағасының орынбасары және Президенттің Бас кеңесшісі төрағасының орынбасары қызметін атқарды және 2023 жылдан бастап Түркияның Ұлттық барлау қызметінің басшысы қызметін атқарып келеді.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш ғылыми еңбек Алматыдағы Еуразия ғылыми-зерттеу институты тарапынан қазақ тіліне аударылып, өткен жылдың 30-қарашасында Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының қолдауымен Алматыда оқырман қауымға таныстырылған болатын.

TuraNews

Back to top button