
Астана әкімдігінің мәліметінше, азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, әсіресе жолдарда кептеліс болмас үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70 пайызына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады.
«Бұл – ірі халықаралық іс-шараларды өткізу барысында күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданатын және азаматтарға ыңғайлы болу үшін ішінара қашықтан жұмыс істеу тәртібі енгізілетін әлемдік тәжірибе», — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін 3-4 шілдеде Астанада ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты балабақшалар жұмыс істемейді.