Анадолу агенттігінің мәліметінше, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) 24-ші саммитіне қатысуға Астанаға келген қос елдің президенттері Түркияның Синоп қаласында тағы бір атом электр стансасы жобасын іске асыру мүмкіндігін талқылады. Ердоғанның айтуынша, Түркия мен Ресей арасындағы сауда айналымы көлемін 100 млрд долларға жеткізу көзделген.
Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының 24-ші саммитіне қатысуға Астанаға келген қос елдің президенттері Түркияның Синоп қаласында тағы бір атом электр стансасы жобасын іске асыру мүмкіндігін талқылады. Ердоғанның айтуынша, Түркия мен Ресей арасындағы сауда айналымы көлемін 100 млрд долларға жеткізу көзделген.
«Мен бұл межеге жақын уақытта жететінімізге сенемін. Бізде оған қажет әлеует толық бар», — деп атап өтті Режеп Тайип Ердоған.
Сөз соңында түрік көшбасшысы Владимир Путинді таяу арада Түркияға сапарлап келуге шақырды.
Еске сала кетейік, Режеп Тайип Ердоған ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға кеще ұшып келді.