БастыҚоғам

Астанада жылу қашан қосылатыны белгілі болды

Астанада күрең күз басталды. Қазіргі ауа температурасының орташа көрсеткіші +15°C болса да, нөсер жауын жиі жауып жатыр.

«Қазгидромет» РМК мамандарының айтуынша, түнде термометрлер қазірдің өзінде 5-7 градусқа дейін төмендеген. Сонымен, жылу қашан беріледі? Бұл сауалға Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі жауап берді.

«Жылу беру маусымы Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес басталады. Атап айтсақ, сыртқы ауа температурасының белгіленген орташа тәуліктік температурасы бес күн бойы 10 градус және одан төмен болса жылыту маусымы басталады деген сөз», — деді Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі өкілдері.

TuraNews

Back to top button