Денсаулық

Астанада Жапония үкіметі сыйға берген медициналық аппарат орналастырылды

Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығында компьютерлік томография кабинеті ашылды, деп Хабар 24-ке сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

Оның ішіне Жапония үкіметі берген заманауи аппарат орналастырылды. Ашылу салтанатына Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пен Жапонияның Қазақстандағы елшісі Джун Ямада келді. Күншығыс елі сыйға берген қымбат құрылғы қиын диагнозды анықтай алады. Оның көмегімен дәрігерлер ауру-сырқаудың шығу тегін қатесіз анықтап, дұрыс ем-дом жасау мүмкіндігі артады. Тағы бір ерекшелігі, ауыр салмақтағы науқастарды қабылдай алады.

«Заманауи, көптеген бағдарламалары бар, травмотология саласындағы мамандардың айтуынша, жаңа технологиялық аппарат оталарды анықтап, әрі қарай осы операциялардың жақсы өтуіне көмектесетін апараттың бірі болып табылады. Мамандар оқытылған. Бұл – Жапония халқының үлкен сыйы.»- деп мәлімдеді Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі.

Айта кетейік, медициналық қызмет әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тегін қызмет көрсетеді.

TuraNews

Back to top button