Мәдениет

Астанада «Гейдар Әлиев және Түркі әлемі» атты халықаралық конференция өтті

2023 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында әзербайжан халқының Жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Гейдар Әлиев және Түркі әлемі» халықаралық конференциясы өтті. Конференцияны Түркі академиясы мен Түркі мәдениеті мен мирасы қоры бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараға Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Гүнай Эфендиева, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш, Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің депутаты Хикмет Бабаоглу, мемлекет және қоғам қайраткері, елші, ТМҰ ақсақалдар кеңесінің бұрыңғы мүшесі Мырзатай Жолдасбеков, Қазақстандағы ТМҰ мүше елдердің дипломатиялық миссияларының басшылары, Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары сондай-ақ академиялық орта өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында конференция қатысушыларына «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы дайындаған әзербайжан халқының Жалпыұлттық көшбасшысы Г. Әлиевтің өмірі мен қызметі туралы «Ғазиз ғұмыр»деректі фильмі көрсетілді.

Іс-шараны кіріспе сөзімен ашқан Академия президенті Ш.Мустафаев Г. Әлиев Әзербайжан мемлекеттілігі мен Түркі әлемінің ғасырлар бойғы тарихындағы бірегей тұлға, жаңа тарихтағы тәуелсіз Әзербайжан мемлекетінің символы және елі мен халқының дамуына кең мүмкіндіктерге жол ашқан кемеңгер басшы екенін атап өтті.

Г. Әлиевтің елеулі еңбегі туралы айта келе, Академия басшысы оның түркі мемлекеттерінің интеграциясына қызмет ететін ынтымақтастық құрылымдарын құруға қосқан үлесін атап өтті.

«Гейдар Әлиев түркі әлемін біріктіруге, халықтарымызды жақындастыруға зор күш жұмсады. Ол түркі мемлекеттерінің интеграциясына қызмет ететін ынтымақтастық ұйымдарын құруға елеулі үлес қосты. Қазіргі Түркі мемлекеттерінің ұйымы және Түркі академиясы сияқты ұйымдарды құру идеясы Г. Әлиевтің отаны ежелгі Нахчыван жерінде дүниеге келгені кездейсоқ емес. Бұл үлкен символдық мәнге ие факт», —  деді Ш.Мустафаев.

Қатысушылар мен қонақтар өз баяндамаларында әзербайжан халқының Жалпыұлттық көшбасшысы түркі әлемінің мәдени және рухани мұрасының тамаша білгірі болғанын, бауырлас елдер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті. Сондай-ақ г.Әлиевтің әзербайжан мәдениетін дамыту бағытындағы қызметі, оның Әзербайжан елінің ғылымы мен біліміне қосқан үлесі, жүзеге асырған реформалары, сондай-ақ ел жастарын патриоттық тәрбиелеудегі айрықша рөлі туралы айтылды.

Түркі мәдениеті және мирас қорының президенті Г. Эфендиева Г. Әлиевтің ТҮРКСОЙ және басқа да түркі интеграциялық институттары секілді ынтымақтастық құрылымдарды құруға қосқан зор үлесіне тоқталды. Бұдан бөлек  ұлы ақын Мұхаммед Физулидің 500 жылдығын және «Қорқыт ата» ағызының 1300 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде атап өту, түркі әлемі көшбасшыларының саммиттерін ұйымдастыру Г. Әлиевтің есімімен тығыз байланысты екенін айтты.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қазақстан мен Әзербайжан терең тарихи-мәдени байланыстарының қарқынды дамуының бастауында Г. Әлиевтің тұрғандығын баяндап берді.

Сондай-ақ, ол өз сөзінде биыл Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға сапары кезінде көрнекті мемлекет қайраткері Г. Әлиевтің 100 жылдығын атап өту салтанатты түрде басталғанын және жыл бойы көптеген іс-шаралар ұйымдастырылатына тоқталды. Бұл шаралардың бастамасы ретінде Министрліктің қолдауымен арнайы дайындалған «Ғазиз ғұмыр» атты деректі фильмнің тұсаукесері өткендігін атап өтті.

TuraNews

Back to top button