БастыСаясат

Астанада БҰҰ-ның 80 жылдығы және мультилатерализмнің болашағы талқыланды

26 ақпанда Қазақстан Республикасының президенттік орталығында БҰҰ-ның 80 жылдығына және Қазақстанның осы ұйымға кіру күніне арналған "БҰҰ-ның 80 жылдығы және Қазақстанның рөлі: көпжақтылықтың болашағы" атты панельдік пікірталас өтті.

Президенттік орталықта БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған панельдік пікірталас өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісінің м.а. Стивен О’Малли қатысты. Панелистер ретінде Бразилияның Елшісі Марсель Фортуна Биато, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Ботагөз Ракишева, Түркияның Елшісі Мұстафа Капуджи және ҚСЗИ Халықаралық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Дәурен Әбен сөз сөйледі. Қатысқан қонақтардың арасында дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдардың басшылары мен БАҚ өкілдері болды.

Пікірталас барысында қатысушылар БҰҰ-ның мерейтойлық жылдығына бағытталған халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның көпжақты дипломатияны дамытуға қосқан үлесін және ядролық қарусыздануды, өңірлік қауіпсіздікті нығайтуды және инклюзивті жаһандық тәртіпті қолдауды қоса алғанда, бітімгершілік бастамаларды ілгерілету жөніндегі елдің күш-жігерін талқылады.

Өз сөзінде А.Рахметуллин БҰҰ-ның жаһандық сын-тегеуріндерді шешудегі стратегиялық рөліне назар аудара отырып, осы тұрғыда Қазақстан халықаралық ынтымақтастыққа белсенді түрде ықпал етуді жалғастырып жатқанын және әлемдік қоғамдастық алдында тұрған проблемаларды шешуде көпполярлы тәсілді қолдайтынын атап өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын мәлімдегендей, «бұл әмбебап ұйымға балама жоқ». БҰҰ-ның 80 жылдығы – бұл мерейтой ғана емес, сонымен қатар қазіргі әлемдегі мультилатерализмнің рөлін түсінудің маңызды кезеңі. Біз жаһандық сын-қатерлерді бірлескен күш-жігер мен халықаралық ынтымақтастық арқылы ғана тиімді шешуге болатынына сенімдіміз», – деп баяндады қазақстандық дипломат.

Өз тарапынан С.О’Малли: «Қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында халықаралық ынтымақтастық тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз етудің негізгі құралы болып қала береді. Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілетуде көшбасшылықты дәйекті түрде көрсетіп келеді, ал бүгінгі пікірталас болашақтың ортақ көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін», – деп атап өтті.

Бұл іс-шара көпқырлы әлем контекстінде жаһандық қауіпсіздік пен орнықты дамудың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді. Пікірталас аясында қатысушылар жаһанданудың үдемелі қарқынымен және жаңа технологиялардың дамуымен қатар жүретін халықаралық жүйедегі өзгерістерді талқылады. БҰҰ-ның жаңа сын-тегеуріндерге бейімделуі және ұйымның бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікті қолдаудағы рөлін одан әрі нығайтудың маңыздылығы де қозғалды.

 

TuraNews

Back to top button