Қоғам

Астанада биылғы алғашқы үшем дүниеге келді

Сәния, Самира және Айсұлтан есімді сәбилер, биыл дүние есігін ашқан алғашқы үшемдер.

Жыл басынан бері Астанада 7 мыңнан астам нәресте өмірге келді, деп денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

Үш балалы ана бірден көпбалалы үйелмендер қатарына қосылды.

Әсел Шонтаева отбасымен бірге былтыр тамыз айында Жамбыл облысы Қордай ауданынан елордаға көшіп келген. Үш балалы ана, №3 көпбейінді қалалық аурухана дәрігерлеріне ризашылығын жеткізді.

Үшемдердің денсаулығы жақсы. Дәрігерлер сәбилерге күтім көрсетіп, үйге шығаруға дайындап жатыр.

TuraNews

Back to top button