Астанада бір айлық жауын-шашын мөлшері бір кеште жауды
Астанада жауын-шашынға байланысты қала бойынша 100-ден астам техника (ассенизаторлық машиналар мен мотопомпалар) жұмылдырылды, деп жазады Turanews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша Астанада айлық норма жауын-шашын жауды: айлық норма 31 мм болса, 24 тамызда 42 мм жауын-шашын жауды.
Су басқан негізгі учаскелердің бірі – Ұлы дала даңғылы. Мұнда тазарту қондырғылары салынып жатыр, жоба әлі аяқталған жоқ. Нөсерлі кәріз желілері мен тазарту құрылыстарын салу мәселесі қала әкімдігінің бақылауында.
Бұған дейін 200-ден астам проблемалық учаскеде су тасқыны мәселесі шешілді.
Осы жылы жер үсті ағындарын бұру үшін 2,5 шақырым магистральдық нөсерлі кәріз желілерін салу жоспарланып отыр.
«Elorda eco system» ұйымымен жер үсті ағындарын бұруды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр: коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды тазарту, құбырларды буландыру, су шығару, нөсерлі кәріз жүйелерін және тазартуға арналған құрылыс жұмыстарын жүргізу және т.б.