БастыДенсаулық

Астанада балалар арасында қызылша ауруы көбейген

Елорданың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына қызылша ауруы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Биыл 13 маусымдағы жағдай бойынша Астана қаласында 34 бала қызылшамен ауырған. Олардың ата-анасы ҚКП (қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы аралас вакцина) жоспарлы егуден бас тартты.

Өкінішке қарай, ата-аналардың вакцинациядан бас тартуы баланың денсаулығына ғана емес, айналасындағы жақын адамдарға да қауіп төндіреді. Мысалы, қаланың 2 мектепке дейінгі балалар ұйымында қызылшамен топтық ауру жағдайы тіркелген. Бірінші жағдайда қызылшамен ауырған бала ауруды вакцина алмаған 8 балаға жұқтырады. Ал екінші жағдайда бала өзінен басқа вакцина алмаған 4 балаға жұқтырды. Барлық науқас ата-анасының вакцинациядан бас тартуына байланысты вакцина алмаған. Бұдан кейін балалар «қызылшаның типтік түрі» диагнозымен ауруханаға түсті. Олардың сырқаты күрделі дәрежеде өткен, ары қарай өршу қаупі бар.

Қазақстандағы әрбір бала вакцина алуға құқығы бар. Мемлекет баланы қорғау үшін қаржылай қамтамасыз етеді және ата-аналардың вакцинациядан бас тартуы баланың құқығын бұзумен тең.

Астана қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызылшамен ауырған балалардың сау ұжымда болу құқығын бұзғаны үшін, жоспарлы профилактикалық екпе алмаған және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейіне жетпеген мектепке дейінгі балалар ұйымдарын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

«Мектепке дейінгі ұйымдарда ұжымдық иммунитет топтағы балалардың жалпы санының кемінде 90% деңгейінде сақталуы тиіс. Жоспарлы профилактикалық екпе алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу олардың 10% — дан аспайтын топтардағы үлесі жасалған кезде ғана жүзеге асырылады.

Біздің елімізде көптеген жылдар бойы Үндістанда шығарылған қызылшаға, паротитке және қызамыққа қарсы тірі вакцина (PDA вакцинасы) пайдаланылады. Вакцина өз-өзін дәлелдеді және бұл вакцинаның тиімділігі 95-97% жетеді. Сондықтан ата-аналардан жоспарлы профилактикалық екпеден бас тартпауын сұраймыз. Өйткені балаларыңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда», – деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.

Вакцинациядан бас тарту жұқпалы аурудан қатты зардап шегуге әкелуі мүмкін. Мысалы, полиомиелитпен ауырған кезде паралич дамуы мүмкін, қызылша соқырлық пен паненцефалит тудыруы мүмкін (мидың зақымдануы салдарынан деградация және өлім), ұлдарда паротит – бедеулікке, жүкті әйелдерде қызамық – ұрықтың туа бітті деформациясына апаруы мүмкін.

Айта кетейік, биыл Астана қаласының 58 тұрғыны қызылшамен ауырған, оның 48-і – бала. Оның ішінде 9 бала медициналық себепке байланысты екпе салдырмаса, 34 немесе 71%-ы ата-анасының бас тарту себебінен қызылшаға қарсы екпе алмаған.

TuraNews

Back to top button