Қоғам
Астанада 1 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жол жүру тарифі көтеріледі
Жол жүру құны 1 тамыздан бастап 90 теңгеден 110 теңгеге дейін артады.
Астанада 1 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жол жүру тарифі көтеріледі, деп хабарлайды Астана әкімдігі.
Әкімдіктің мәліметінше, кейінгі 10 жылда автобустағы билет құны 90 теңгеден көтерілмеген.
“Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 1 тамыздан бастап 90 теңгеден 110 теңгеге дейін артады. Қалалық маршруттарда жол жүруге 90 теңге тариф 2014 жылғы қыркүйекте белгіленді. Бұған дейін қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жария талқылауға шығарылған болатын”, – денілген хабарламада.
Айта кетейік, Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар 2020 жылғы наурыз айынан бастап қоғамдық көлікте тегін жүрген. Бұдан кейін де солай болады, бірақ мектептің көлік картасы болу керек.