Қоғам

Астана зираттарында құлпытас биіктігі 1 метрден аспауы керек

Елордалық дін істері басқармасы жерлеу рәсімі мен зират күтімі бойынша жаңа ережелер бекітеді, деп жазады Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта жерлеу бойынша арнайы ережелер әзірлеп жатырмыз. Онда құлпытас биіктігі бір метрден аспауы керек. Зират қоршалған болуы керек, күтім жасалуы керек. Жер кодексіне сәйкес, жерлеу үшін 2х3 шаршы метр жер тегін беріледі, бірақ көп адам басқа туыстары үшін екі орын сұрайды. Сол үшін жерлеу туралы ережеге толықтырулар енгіземіз», — деді дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов елордалық мәслихат отырысында.

Сонымен бірге, спикердің айтуынша, қалада 28 зират бар, оның ішінде 16-сының ғана құжаттары реттелген.

Санитарлық нормаға сәйкес, зират пен тұрғын үй арасында 300 метр қашықтық сақталуы керек.

Бұған дейін Н. Әлмұханов Астанадағы зиратта жерлеу орнын онлайн режимде таңдауға болатынын айтқан еді.

Ол үшін zherleu.astana.kz сайтында жерлеуге өтінім беру керек.

TuraNews

Back to top button