
Футболдан Қазақстанның қазіргі чемпионы “Астана” ҚР Суперкубогы үшін болған матчта шымкенттік “Ордабасыны” жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Астанада өткен матчта 2:1 есебімен Григорий Бабаянның шәкірттері жеңіске жетті. Осымен, “Астана” өз тарихында алтыншы рет ҚР Суперкубогы иегері атанып отыр.
Голдар:
1:0 — 8’ — Алекса Аманович
1:1 — 9’ — Еркебұлан Тұңғышбаев
2:1 — 38’ — Дарбо Дембо (П)