Басты

«Astana Media Week-2022» апталығы басталды

Астанада Astana Media Week-2022 өз жұмысын бастады. Ауқымды шараға 150 отандық және халықаралық спикер қатысады.

Astana Media Week–2022 Қазмедиа орталығы ұйымдастыруымен алтыншы жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Соңғы медиа трендтерін ұсынатын ауқымды жобаға отандық және шетелдік жетекші медиаменеджерлер, қоғам қайраткерлері, ақпараттық платформалардың лидерлері, журналистер қатысады.

Форум аясында республикалық және аймақтық телеарналар және 50-ден астам өндірістік компаниялар қатысатын «Контент нарығы» көрмесі өтуде.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі «Контент нарығы» жұмыстарымен танысты.

Astana Media Week – отандық медиа индустрияны дамыту және іскерлік қатынастарды күшейту үшін жасалатын, Қазақстандағы мемлекеттік, тәуелсіз, кәсіби және жаңа БАҚ-тың басын қосатын іс-шара.

Еліміздегі басты коммуникация алаңында ведомство басшылары, халықаралық сарапшылар, инфлюенсерлер мен сала мамандары кездесіп, өзекті мәселелерді талқылап, идеяларын жариялайды. Байланыс орнатып, презентациялар жасап, алдағы жылға жоспарларын айтады.

TuraNews

Back to top button