Басты
Астана іргесінде қураған ағаштар өртеніп жатыр

Астана іргесінде қураған ағаш өртеніп жатыр, деп хабарлайды Turanews.kz.
Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қураған ағаштың өртеніп жатқаны жайлы хабарлама өрт сөндірушілерге бүгін сағат 09:12-де түскен.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде Қорғалжың тасы жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасында қураған ағаштың өртеніп жатқаны анықталды. Қазіргі уақытта жеке құрамның 15 маманы мен 3 техникасы өртті сөндіріп жатыр», — деп атап өтеді департаменттен.