БастыҚоғам

Астана халықаралық форумы төрт негізгі жаһандық мәселені шешуге арналған

Бұл сыртқы саясат, қауіпсіздік және тұрақтылық, энергетика мен климат, сондай-ақ экономика және қаржы тақырыптары.  Санаулы күннен кейін төрткүл дүние назарын өзіне аударатын шараның көздегені туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі түсіндірді.

«Форум бағдарламасына негізгі баяндамалар, панельдік сессиялар, сондай-ақ пікірталастар кіреді. Форум үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен академияның жоғары деңгейдегі делегаттары үшін үнқатысу және әлемдегі өзекті және жаһандық мәселелердің шешімін табу үшін алаң береді.»— деп мәлімдеді Айбек Смадияров, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Еске салайық, жоғары деңгейлі жиын елордада 8-9 маусым күндері өтеді. Форумның мәртебелі қонақтарының қатарында Қатар Әмірі, Қырғызстан Президенті, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы, ЕҚЫҰ бас хатшысы тағы басқалар бар.

TuraNews

Back to top button