БастыСпорт

«Астана» футбол клубы ел чемпионы атанды

Елордалық «Астана» 2022 жылғы футболдан Премьер-Лига командалары арасындағы ел біріншілігінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 26-турындағы бес ойынның нәтижесі анықталды.

Биылғы бәсеке тартысты өтті. Ел чемпионы соңғы турда белгілі болды. Бұл атақтан «Астана» мен «Ақтөбе» командалары үміткер еді.

Ал, «Ақтөбе» өз алаңында Алматының «Қайратын» қабылдады. Кездесуде алматылық Жоао Паоло 33-минутта есеп ашты. Одан кейін алаң иелерінен Әлібек Қасым 38-минутта пенальтиден мүлт кетпесе, Рожерио дус Сантус Алвес 49, 51-минутта қос голдың авторы атанды. Екінші кезеңде ақтөбелік командадан Арман Кеңесов 69-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Кездесуде «Ақтөбе» қарсыласын 4:1 есебімен жеңіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Аталған турдағы қалған үш ойынның нәтижесі төмендегіше:

«Ақжайық» (Орал) — «Тобыл» (Қостанай) 1:3

«Тараз» — «Тұран» (Түркістан) 2:3

«Қызылжар» (Петропавл) — «Каспий» (Ақтау) 4:1

Дәл қазір «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Атырау», «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Ордабасы» (Шымкент) командалары кездеседі.

Source
Inform.kz

TuraNews

Back to top button