Туризм

Астана: Азияның футуристік қаласы

Аустралиялықтар арасында көп танылмаған Азияның футуристік қаласы

Аустралиялықтар арасында көп танылмаған Азияның футуристік қаласы — Астана.

Мамыр айының 2-сінде The Sydney Morning Herald басылымында сиднейлік саяхатшы әрі жазушы Бен Грунтуотердің еліміздің бас қаласы Астана жайлы The Sydney Morning Herald сайтында жазған мақаласы жарияланды.

Ол өз мақаласында бас қаланың ерекше сәулет өнеріне тоқталып, «Нұр Әлем», «Хан Шатыр», Бейбітшілік сарайы секілді бірегей ғимараттар жайлы әңгімелейді.

«Әлемнің ең ғажайып сәулет орындарының бірі Астанада орналасқанын кім білген? Өз басым ол жаққа бармайынша, білген жоқпын. Қазақстан – таңғажайып жер, онда адамды таңғалдырарлық жерлер өте көп»,-деп жазады саяхатшы.

Source
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button