Денсаулық

Ashyq қосымшасы қашан қайта іске қосылуы мүмкін

Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова Ashyq қосымшасының жұмысына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Turanews.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Бір жарым жыл ішінде барлық шектеулер алынып тасталды. Сондықтан Ashyq бағдарламасы қолданылып жатқан жоқ», – деді А. Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, климаттың өзгеруі және басқа да факторлар жаңа ауру қоздырғыштарының пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Әлемде немесе елімізде індеттің таралу қаупі болса, Ashyq сияқты бағдарламаны қайтадан іске қосу мүмкіндігі қарастырылуы ықтимал.

Бұған дейін вице-министр «Әлемде коронавирустың жаңа штамының таралуына байланысты Қазақстанда карантин шаралары енгізілуі мүмкін бе?» деген сұраққа: «Қазір бұл туралы айту әлі ерте. Әзірге, қолда бар деректерге сүйенсек, омикронның бұл түрі аса ауыр болады деген ақпарат жоқ. Бұл штамм көп жағдайда жеңіл өтіп жатыр. Қауіп әлі де жүкті әйелдерге, созылмалы аурулары барларға және қарт адамдарға ғана төніп тұр. Жалпы, карантин немесе шектеу шараларын енгізу қарастырылмаған», – деп жауап берген болатын АйжанЕсмағамбетова.

TuraNews

Back to top button