
Әсел Жанасова Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, — деп хабарлайды TuraNews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.
2010 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Кембридж университетінде (компьютерлік ғылымдар саласы) білім алған. 2014 жылы Кембридж университетінде магистратураны тәмамдаған. Мәскеу мемлекеттік университетінде «Executive Management» бағдарламасы бойынша оқыған.
2010-2014 жылдары – Лондон қаласындағы халықаралық компанияның ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы, Ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, Киберқауіпсіздік департаментінің директоры;
2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Цифрлық технологиялар департаменті директорының орынбасары;
2016-2017 жылдары – «Зерде ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
2017-2018 жылдары – «Астана» халықаралық қаржы орталығы басқарушысының кеңесшісі;
2018-2020 жылдары – «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры;
2020-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің орынбасары;
2022-2025 жылдары – «Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
2025 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.
2025 жылғы 10 желтоқсанда Мемлкет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.



