Спорт

Арыстық волейболшылар «Ұлттық мектеп лигасында» жүлдегер атанды

Арыс қаласы, Дермене ауылдық округіндегі Ж.Тәшенов атындағы мектептің оқушылары волейболдан өткен республикалық «Ұлттық мектеп лигасында» күміс жүлдеге ие болып, өңір абыройын асқақтатты.

Алдымен қалалық іріктеуде қарсыластарынан басым түсіп, облыстық кезеңге жолдама алған арыстықтар барлық аудандар мен қалалардың мықты командаларын жеңіп, республикалық додаға жолдама алған болатын.

12-19 мамыр күндері аралығында Астана қаласында өткен сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген жеңімпаз командалар бас қосты. Тартысты додада жастар қарсылас шақ келтірмей, ақтық сынға дейін жетті. Финалда Жамбыл облысының командасынан аз ғана ұпай айырмасымен қарсыласына есе жіберді.

Қала тұрғындары жүлдегер команданы Арыс теміржол вокзалынан салтанатты түрде қарсы алып, қошемет көрсетті. Оқушылар мен жаттықтырушыны ұстаздар, ата-аналар, ауылдастары зор қуанышпен күтіп алды.

TuraNews

Back to top button