Экономика

Арыста 20 инвестициялық жоба іске асырылады

Түркістан облысының Арыс қаласында биыл 20 инвестициялық жоба іске асырылады, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова облыс орталығында 9 айда атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз мәслихатын өткізді. Қала басшысының мәліметінше, биыл жыл соңына дейін Арыста жалпы құны 19,4 млрд. теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба іске қосылып, 354 жұмыс орны ашылады.

«Жоспар бойынша Қалада алдағы 5 жылда құны 56 млрд. теңгені құрайтын 45 инвестициялық жоба іске асырылып, 1000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Биыл жалпы құны 19,4 млрд. теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба іске қосылып, 354 жұмыс орны ашылады.

 Оның ішінде ірілерін атап өтетін болсақ, «Mega-Agat» компаниясы 4 жобаны іске асыруда:

  1. Жоба құны 500 млн. теңгені құрайтын поливинилхлорид түйіршіктерін және қоспасын өндіретін зауыты. Оның қуаттылығы 300 тоннаны құрайды.
  2. Кәріз жүйелеріне арналған пластикалық құбырлар мен үй құрылысына арналған жабдықтар шығаратын зауыт. Мұнда тәулігіне 2500 метр пластик құбырлары өндірілмек. 
  3. Жоба құны 600 млн. теңгені құрайтын, сыйымдылығы 9 мың тоннаға шақталған астық сақтау қоймасының құрылысы басталды.
  4. Жоба құны 4 млрд. теңгені құрайтын транспорттық логостикалық орталығының құрылысы жүргізілуде. Жобаның мақсаты Азия, Еуропа мемлекеттерімен тауар айналымын күшейту арқылы азық-түлік бағасын тұрақтандыру. Жоба Еуропаның «А» стандартына толық сәйкес келеді. Жобаның аумағы 6 гектарды құрайды, сондай-ақ салынатын ғимараттың көлемі – 17 000 шаршы метрді құрайды. Оның 3 мың шаршы метрі желдеткішпен жабдықталған азық-түлік сақтауға арналған қойма болады. Ал қалған 12 000 шаршы метрінде қатты заттар сақталады», деп айтты Гүлжан Құрманбекова.

TuraNews

Back to top button