Спорт
Аружан Сағындықова Тунистегі турнирдің екінші айналымына өтті

Қазақстандық Аружан Сағындықова Монастир (Тунис) ITF турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды TuraNews.kz BasSport.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлемнің 792-ракеткасы А.Сағындықова алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 929-орында тұрған италиялық Камилла Санолинимен шеберлік байқасты.
Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен сүріндірді.
Аружан Сағындықова ширек финалға шығу үшін әлемнің 347-інші, жарыстың 1-ракеткасы, румыниялық Андреа Присакариумен таласады.