БастыСпорт

Аружан Сағандықова WTA рейтингісінде жоғарылады

Қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова WTA жаңартылған рейтингісіндегі орнын айтарлықтай жақсартты, деп хабарлайды Turanews.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

18 жастағы қазақстандық теннисші рейтингтегі 1056-шы орыннан 958-ші орынға көтерілді. Сондай-ақ, әйелдер арасындағы жекелей рейтингте Жібек Құламбаева 438-ші орыннан 436-шы орынға көтерілді.

Елена Рыбакина WTA рейтингісіндегі төртінші орнын сақтап қалды.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева 18 позиция жоғалтып, 61-ші орыннан 79-ға түсті.

Гозаль Айнитдинова бір (543-тен 544-ке), Анна Данилина екі (863-тен 865-ке) қатар төмен түсті.

Қазіргі уақытта WTA турында қазақстандық алты теннисші жекелей сында өнер көрсетуде.

TuraNews

Back to top button