ӘлемСаясат

Армениядағы наразылықтар кезінде 100-ге жуық адам зардап шекті

Оның ішінде 66 адам қажетті медициналық көмек алғаннан кейін үйлеріне жіберілді.

Армениядағы наразылықтар кезінде 100-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы Арменияның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп жазды inbusiness.kz сайты.

«Баграмян даңғылындағы оқиғалардың нәтижесінде 98 бейбіт тұрғын мен полиция қызметкері медициналық көмекке жүгінді», — делінген министрліктің хабарламасында.

Оның 66-сы қажетті медициналық көмек алғаннан кейін үйге жіберілгені атап өтілді. Тағы 32 науқас ем-дом алып жатыр — олар жеңіл әрі орташа жарақат алған. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Бұған дейін, 12 маусымда Армения премьер-министрі Никола Пашинянның сөз сөйлеуі кезінде Парламент алдындағы алаңда оның отставкаға кетуін талап еткен наразылық білдірушілер жиналды. Армения ІІМ полиция 42 демонстрантты ұстады деп хабарлады. Митингке қатысушылар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында қақтығыстар жалғасын тапты.

Кейінірек Армения полициясы Еревандағы ел Парламентінде 98 наразылық акциясына қатысушы ұсталғаны туралы хабарлады.

TuraNews

Back to top button