Қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстары мен оппозиция өкілдері ұлттық жиналыс ғимаратының кіреберісін жауып тастады, деп хабарлайды «Sputnik Армения».
Акцияға 44 күндік соғыста қаза тапқан сарбаздардың туыстары мен бірқатар оппозициялық топтардың өкілдері қатысқан. Солардың кейбірі ұлттық жиналыс ғимаратының алдында түнеген.
Бүгін осы мәселеге байланысты Үкімет сағаты жоспарланып отыр.
13 қыркүйек күні Әзербайжан мен Арменияның КСРО кезінде жасалған әкімшілік шекарасында қарулы қақтығыс болған еді. Бұл екі елдің шекарасы әлі күнге дейін толық шешілмеген. Яғни, шекара бекітілмеген.